Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.
А.Байтұрсынов - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Ұлтымыздың ұлы ұстазы қалдырған дара жолымен келе жатқан кейінгі ұрпақ педагогтерінің арасында "Қызық екен..." зияткерлік ойыны ұймдастырылып, өткізілді. Ойын барысында А.Байтұрсыновтың өмірбаянынан, шығармаларынан, аудармаларынан сұрақтар қойылып, аударма, мысалдарын сахналанып, өлеңдері оқылады . Бұл зияткерлік ойынды өткізу мақсатымыз - А.Б мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу, насихаттау болып табылады. Ойынға 3 топ қатысты
1-орын Бірлік тобы
2-орын Әдебиет дауылы
3-орынды Алаш Орда тобы иемденді
"Қызық екен..." зияткерлік ойыны