Сенім телефоны
8(7182) 32-04-03
email: sad122@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 39
басшы: 8(7182) 32-04-03 есепші: 8(7182) 32-94-87 вахта: 8(7182) 32-04-16
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00-18.00
"Қарты бар үй - қазыналы үй"
28-02-2023 09:11

Ақ жаулығың жарасар басыңдағы,
ақ түсің шашыңдағы.
Зор байлықсың ең қымбат ортаймайтын,
Ақыл кені,әжетай,қазыналы.
Ауырмастан шауып әркез жүре бер,
Мейрамдарды күнде тойлап күле бер!
Қарттық сенің қайратыңнан қайрылсын
Отбасыңда бақытты өмір сүре бер!

Бүгін "Қарты бар үй - қазыналы үй" атты тәрбиесі мен өнегесіне, өсиеті мен үлгісіне толы әже мен немерелерге арналған іс-шара өтті. Әрқашанда аялы алақынан жылу тарайтын, әдемі күлкісінен шуақ тарайтын, "Балам - балым, немерем - жаным" дейтін ұлағатты педагог ұстаздар өз немере-шөберелерімен отбасылық құндылықтарын көрсетіп, келер болашақ жастарға үлгі болар ақылдарын айтып, бата беріп кетті. #122мектепкедейінгігимназия ұжымы әжелерімізге мықты денсаулық, өсіріп отырған бала-шағаның ортасында бақытты күндерде ұзақ ғұмыр жасасын деп тілейміз