Сенім телефоны
8(7182) 32-04-03
email: sad122@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 39
басшы: 8(7182) 32-04-03 есепші: 8(7182) 32-94-87 вахта: 8(7182) 32-04-16
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00-18.00
«Алтын күз»
21-09-2023 11:20
«Алтын күз»

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан.
Бұл мезгілде халық несібесі, ел ырзығы ғана жиналып қоймайды, сондай-ақ оның осы кезеңде ұрпақты еңбекке, отансүйгіштікке баулу, табиғатты тану, Жер ананың қасиетін білу және басқа да игі істер негізінде тәрбиелеу ісінде орны айқындала түседі.
Біз әрбір күз маусымы келген сайын балаларға оның мән-маңызын, ырзық-несібесін түсіндіру мақсатында "Алтын күз" ойын-сауығын ұйымдастырамыз. Мұндай шаралар кезінде балалар өздеріне ұнайтын жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер бейнеленген немесе соларға ұқсастырыла тігілген киімдер киіп, тақпақтар айтып, қойылымдар көрсетеді. Бұл өз кезегінде жас өскіннің өз туған жерінің қасиетін ұғынуға, табиғатты сүюді үйренуге көмектеседі