Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95
Адрес: г.Павлодар, ул.Естая,97
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Наурыз құтты болсын!
21-03-2011 11:05
Наурыз құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

Құрметті педагогтар!

Халқымыздың ұлттық төл мерекесі, Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамы құтты болсын!

Күн мен түн теңестірген Наурыз - көктемнің жаршысы, жер бетіндегі тіршілік атаулының жандануы мен рухани жаңарудың бастауы, бірлікпен достықтың ұлы мерекесі.

Осы мерекемен бірге келетін көктемнің шуағы Сіздердің қызығы мен қиындығы, жауапкершілігі мол білім беру саласындағы атқарып жүрген жұмыстарыңызға жақсылық, береке мен қуаныш шапағатын әкелсін.

Ұлыстың Ұлы күні әр бастаған жаңа істеріңізге ақ жол, ырыс- молшылық, денсаулық, шаңырақтарыңызға қуаныш пен шаттық, ізгілік пен мейірімділік тілейміз! Наурыз құтты болсын!