Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95 8 (7182) 54-58-47
Адрес: 140011, Павлодар қаласы, Естай көшесі 97,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Балаңыздың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!
29-06-2022 20:02
Балаңыздың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!

Қауіпсіз терезе! Терезеден құлау – балалардың жарақаттануы мен жазатайым оқиғалардың себептерінің бірі, әсіресе қалаларда жиі кездеседі. Көп жағдайда балалардың құлауы ересектердің қарауынсыз қалған сәтте немесе ата-аналардың назарынан тыс қалған уақытта болады. Құрметті ата-аналар, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынамыз: кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, құлау жағдайларының көпшілігі балалар қараусыз қалған кезде болады. Жиһаздың барлық түрін терезелерден алыс қойыңыз, бала осы арқылы терезе алдына оп-оңай шығып алады, москит торларына сенбеңіз. Олар құтқарып қалуға арналмаған! Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, сүйенуі мүмкін. Тіпті ең сапалы торлар баланың салмағын ұстап тұра алмайды, егер бала бөлмеде болса, терезе мен балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы терезелерді немесе желдету режімін қолданыңыз, терезелердің толық ашылуына мүмкіндік бермейтін арнайы фиксатор қойыңыз, бұл баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейді, терезенің тұтқасына құлып орнатыңыз. Егер сіз балаңызға терезенің алдынан бірдеңе көрсетсеңіз, оны мықтап ұстап тұрыңыз, баланың жылдам қимылына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болсын, балаңызды киімнен ұстамаңыз. Егер сізде бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкіндігі болмаса, бекіткіш тұтқаларды бұрауышпен оңай бұрап, қажет болған жағдайда бірден шығарып алып тастай аласыз. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз, үлкендерді кішіге бас-көз болуға үгіттеңіз. Балаңыздың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!