Баршанызды бүгінгі Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
1 Мамыр бірлік күні деп, ынтымақ күні деп мерекелейміз. Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Сол сияқты біздің балабақшада мерекеге арналған ертеңгіліктер мен тақырыптық сабақтар барлық топтарда өткізілді. Балалар ұлттардың тұрмыстарымен және тағамдарымен танысты. Елімізде ең бастысы - ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.
