Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95
Адрес: г.Павлодар, ул.Естая,97
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
7 Мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы күштер күні!
05-05-2011 09:16
7 Мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы күштер күні!

7  Мамыр ҚР Қарулы күштер күні. Балабақшадағы ұл балаларды, қызметкер жігіттерімізді, барлық еркек қауымын мерекемен құттықтаймыз. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілейміз. Халқымызда "Ер - елінің қорғаны" деген аталы сөз бар. Біз осы ержүрек жандардың істеріне сый - құрмет көрсете отырып, өнеге алып өсіп келе жатқан жас ұрпақтармен балабақша ішінде топтар арасында Отан қорғаушылар  мерекесіне байланысты спорттық сайыс өткіздік. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Жігіттерімізге амандық, денсаулық, таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Отанға адал, елге қайырымды, жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.