Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселесі. Еліміздің ертеңі бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсуі үшін балабақша тәрбиешілері мен ата-аналардың атқарар міндеті орасан зор. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 66 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күннің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ табыстармен жалғастырып келеді. Осы мерекеге лайық біздің балабақшаның тәрбиеленушілері Қанаш Қамзин ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойды. Тәрбиешілер күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары туралы тақырыптық сабақтарда және осындай өткізілетін іс –шараларда жас ұрпаққа жеткізеді. Бұл біздің балабақшамызда жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алып, қошемет көрсету қалыптасқан.
Ұрпақтар есте сақтасын!
