"Әкем, анам және мен" спорттық сайысы
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
____________
Ересек және мектепалды топтарында ұйымдастырылған отбасылық "Әкем, анам және мен" атты спорттық іс-шарасының нәтижесі бойынша 3 топ ең үздік номинациялармен марапатталды
