АЙҚАРА АШТЫҚ ЕСІКТІ.
Біздің балабақшада оқу жылының тамамдалуының қорытындысына, балалардың жетістіктерін ата-аналардың өздері көріп ләззат алу үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Баланың күні бойы балабақшадағы өмірі қалай өтетінін көргісі келген ата-аналар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысты. Ата-аналар балаларының жолдастарымен қарым-қатынас жасауын, бағдарлама материалдарын және басқа да көптеген материалдарды қаншалықты меңгергенін бақылау мүмкіндігіне ие болды. Ата-аналар балабақша басшысы мен әдіскерге сұрақ қойып, балабақшаның әр түрлі қызметінен кеңес алды. Осындай іс-шаралар балабақшада әрдайым ұйымдастырылады.
