Балалар біздің болашағымыз!
«Балалы үй – базар, баласыз үй- қу мазар», «Баланың тілі - бал», «Бала – бауыр етің». Бұл ежелден балажан халқымыздан қалған сөз. Ұлы Абай «Адамның бір қызығы - бала» деп өсиет қалдырды. Қазақтың ұлттық дүниетанымы өзге жұрттан ұрпақ тәрбиесіне деген ықыласы мен ниеті озық. Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң солай өседі» дейді. 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Балалар біздің болашағымыз. «Торғай екеш торғай да балапанын қорғайды». Баласын қорғай білген ел – болашағын сақтай білген ел. Балаларымыздың болашағы нұрлы болсын!
