Жаңа жылым қош келдің!
Біздің балабақшада Жаңа жыл мерекесіне арналған топтар арасында ерекше безендірілген топ сайысы өткізілді. Барлық топтар өте жақсы безендірілген. Әр жас ерекшелік топтарының тәрбиешілері өздерінің шығармашылық қабілеттерімен көріне білді. Топтарды безендіруге ата-аналар ат салысты, балалармен бірлесіп шығармашылық қырынан көрінді. Осындай сайыстар әрдайым балабақшада бола берсін деп тілейміз!
