Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95
Адрес: г.Павлодар, ул.Естая,97
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Туған күніңізбен Бақыт Хайроллақызы!
06-02-2012 06:33
Туған күніңізбен Бақыт Хайроллақызы!

Аса құрметті Бақыт Хайроллақызы!

  Сізді бүгінгі 50 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Мадаққа лайық өмір сүретін жанның бірісіз!

Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы жансыз. "Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра " дейді дана халқымыз.
      Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңызды тойлап отырсыз. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр - жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдіңіз. Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі – өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда. Біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды.
Құдай сізді сол үшінші "жастық шаққа" да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай калпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кеңеліп жүре беріңіз!  Бүгін Сізге осындай дастархан 100 жасқа толғанда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағымыз келеді!

Қайда жүрсе, өз ісінің зерегі,

Әрқашанда дайын тұрар көмегі.

Бақыт ханым-бақшалардың анасы,

Ұрпақ үшін осы ғой шын керегі.

Заводта болсаң, күнбе-күн

Көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң, түрлі емің-

Сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сіздің еңбек жемісіңіз

Өзгеше тіпті басқадан:

Ол-өзін арнап ел үшін

Осынау жүрген жақсы адам.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,

Шәкіртсіз өмір-сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің

Бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің, 

Жаныңнан жалын жігер күт.

Ұстаз, сенің әр күнің, 

Әр сәтің тұрған бір ерлік.