Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95
Адрес: г.Павлодар, ул.Естая,97
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Балам балабақшада, еш алаңдаудың қажеті жоқ.
27-02-2012 09:13
Балам балабақшада, еш алаңдаудың қажеті жоқ.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым –қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Кішкентай бүлдіршін, балдырғандарын қолынан жетелеп, балабақшаға апарып салған соң, одан арғы міндетті ата-аналар тәрбиешілерге жүктейді. Балабақшада  ата-аналарға арналып ашық есік күні ұйымдастырылды. Баласының бақша табалдырығын аттаған алғашқы сәтінен бастап тәрбиешінің балаға қойған талаптарымен танысып, өткізілген бағдарлама бойынша берілген тапсырманың орындалуын жіті қадағалап, баласының іс-қимылын, әрекетін көзінен таса қылмай отбасындағы тәрбиемен балабақшадағы тәрбиені ұштастырып отырды. Ата-аналар балабақшаға күні бойы тыным таппай келіп жатты. Олар өз балаларының балабақшада қандай іс әрекет жасайтындарын өз көздерімен көріп таң қалған жағдайы болды. Ата-аналар үйлерінде ештеңе айтып таң қалдырмайтын балаларының жан жақты екенін балабақшадан көріп мәз болды.  Балабақша ұжымына ата-аналар қауымы тәуелсіз еліміздің болашағы - бала тәрбиесінде қажымай-талмай еңбек ете беріңіздер деген алғыс тілектерін білдіреді.