Әлпештеген, аялаған ақ сүт берген анашым!
Балабақшада барлық жас ерекшелік топтар арасында аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Балалар аналар, әжелер, апайларын құттықтады. «Күнім», «жаным», «құлыншағым», «қошақаным», «айналайын», «толған айым» деп аналар, әжелер балапандарын қуантты!
Көктемде күн жылынады,
Қар ери бастайды, ағаштар бүршік атады. Жылы жақтан құстар ұшып келеді. Ең алғашқы гүл-бәйшешек гүлдейді. Көктемнің бірінші айы, Наурыз, аналар мерекесінен басталады екен.
Армысың көктем
Аңсадым көптен
Аңсады тау да, Дала да
Қызғалдақтар құлпырды
Тамылжып аралар
Құтты болсын бүгінгі
Тойларың, аналар! дер балалар аналарына мереке сыйлады.
