«Құстар-көктем жаршысы»
Біздер жыл сайын сәуір айында құстар мерекесін тойлаймыз. Қанатты достарымыздың табиғаттағы орыны мен адам өміріне пайдасы туралы мақал- мәтелдер, аңыз-әңгімелер, көктемгі тіршілігі туралы білімдерін толықтырамыз.Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленеді. Балалармен балабақша маңына құстарға үйпана жасап ілдік. Құстарды әрқашан қорғайық.
Құстар тойын құттықтап
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап, құттықтап
Біз оларды қорғаймыз.
