Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз! Мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді.
Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!
Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!
Балабақша бүлдіршіндері 7 мамыр күні Қанаш Камзин ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойды. Қанаш Камзин ескерткішінде балалармен ардагердің туысқанымен кездесу болды.
