БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ӨМІРДІҢ ҚЫЗЫҒЫ.
Балабақшада 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Балалар ертегі кейіпкерлері, сайқымазақтармен кездесіп, сыйлықтар алып, көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Барлық жақсылық балаға. Балалармен асфальттегі сурет сайыстары ұйымдастырылды.
