Күзгі сенбілік
Бүгін біздің балабақшамызда сенбілік өтті. Тәрбиешілер және әкімшілік ұжымы барлығы бірігіп, жақсы жұмыс атқарды. Біздің ауламыздың алаңдарын сарғайған жапырақтардан, қурап қалған шөптен, ағаш сынықтарынан тазартып жинастырдық. Жалпы айтқанда, бүгінгі күніміз сәтті өтті.
