№ 2 педкеңеске арналған ашық көрсетілімдер.
Қарашаның 22-ші жұлдызында біздің балабақшамызда №2 педкеңеске арналған "Мектепке дейінгі мекемелердегі денсаулық сақтау технологияларын қолдану" тақырыбына байланысты ашық көрсетілімдер өтті. Тәрбиешілеріміз А.С.Батырханова дәстүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, дене тәрбиесінің оқу іс-әрекетін көрсетті. Педкеңестің тақырыбына байланысты даярлық тобының тәрбиешісі С.К.Асайнова денсаулық сақтау технологияларының түрлерін сабақ барысында көрсетті. Ашық көрсетілімдердің сараптамасымен және қорытындысы бойынша денсаулық сақтау технологияларын қолдану дене тәрбиесіне және спортқа деген балалардың қызығушылықтарын арттырады.
