Бізге қонаққа ПКБАИ дәрісалушылары келді.
10 желтоқсан айында біздің балабақшамыз ПК БАИ дәрісалушыларын қарсы алды. Сурет оқу іс - әрекетінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану туралы семинар- практикум өтті. Дәрісалушылар тәрбиешіміз Ш.Б. Маканованың колдауымен ересек топтың оқу іс - әрекетін тамашалады. Біздің әдіскеріміз С.Қ. Илюсизова жас ерекшеліктеріне қарай сурет оқу іс - әрекетінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану туралы мәлімет берді. Дәрісалушылар практикалық бөлімінде әр түрлі заттар арқылы өз шығармашылықтарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы сурет салып көрді.
