«Ашық есік күнін» өткізу ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізудің бірден-бір тиімді түрі болып табылады, өйткені ол ата-аналарға балалар бақшасының тәрбиешілерімен, олардың сабақ өткізу жағдайларымен, білім беру-тәрбиелеу үрдісісінің міндеттерімен, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мекемесімен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен танысуларына мүмкіндік береді. 2014 жылғы 20 қарашада біздің балабақшамызда «Ашық есік күні» өткізілді.Осы шараны өткізудің мақсаты-ата-аналар мен педагогтардың арасында түсінушілік қарым-қатынастарын орнату, балаларды бірлесіп тәрбиелеудің міндеттерін анықтау және оны жұзеге асыру. Барлық топтар балалар мен ата-аналарға арналған әртүрлі шараларды ұйымдастырды. Әдіскер, логопед және ағылшын тілінің мұғалімі ата-аналарға арналған ақыл-кеңестер берді. Даярлық тобының тәрбиешісі Ш.Б.Маканова балалармен «Көңілді старт» атты спорттық шараны ұйымдастырып өткізді. ата-аналар балалар бақшасының түрлі қызмет көрсетушілері турал ақпарат алды. Пікірлер жазу кітабына ата-аналар тәрбиеші-педагогтар және жалпы балалар бақшасының жұмысы туралы өздерінің жылы лебіздерін жазды.