Масленица-халақтың қызықтап тамашалайтын, көңілді мерекесі болып табылады. Масленицаның басы ертедегі славяндардан басталған, ақпанның аяғы-наурыздың басында олар қысты шығарып салу мерекесін ұйымдастырған және бұл жаңа күнге де арналған. Сондықтан бұл ежелгі мерекенің күн тәрізді белгісі-дөңгелек пішінмен пісірілетін блины болып табылады. Біздің балалар бақшасында да Масленица мерекесі ұйымдастырылып өткізілді. Балалар көктем туралы өлеңдер айтты, билер биледі, көңілденіп, қызықты ойындар ойнады. Әрине, балалар бұл күні дәмді блины жеп, шәй ішті.