"Ертегілер әлемінде"
Сәбилер топтарының балаларына арнап даярлық топтың тәрбиеленушілері «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша сахналық қойылымды көрсетті. Мысықтың рөлін ойнаған Назым Айғаным сценарий бойынша өзінің дене мүшесінің бір бөлігі – құйрығын қайтарып алу үшін ертегідегі басқа кейіпкерлердің барлық тілектерін орындады. Ертегінің сюжеті өте қызықты өтті, кішкентай балалар керемет таңырқап, қызығушылықпен қарады. Жарайсыңдар, балалар! Сендер болашақ әртистерсіңдер!
