Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95 8 (7182) 54-58-47
Адрес: 140011, Павлодар қаласы, Естай көшесі 97,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
"Асфальтқа сурет салу сайысы"
27-08-2015 09:29
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығын, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеу аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2015 жылғы 25 тамызда №23 мектепке дейінгі білім беру мекемесінің базасында қала балабақшалары тәрбиенушілерінің арасында асфальтқа сурет салу сайысын өткізді. Балабақша ішіндегі сайыстардың қорытындылары бойынша олар жеңімпаздар болып саналды. Осы балалар қалалық шаралардың сайыскерлері болды. Біздің №9 балабақшамызда даярлық тобының тәрбиеленушісі Төлеубай Әлихан сайыс жеңімпазы болды. Әлихан асфальтқа сурет салу барысында өзінің бойындағы шығармашылық қабілеттерін, талантын, дағдыларын және Қазақстанның ғажайып тамаша табиғатын бейнелеуге, сурет салу өнерінің техникасын қолдана білген: биік таулы өңірді, көгілдір аспанды, жарқыраған күнді, тау бөктеріне орналасқан ақшаңқан киіз үйлі ауылды, суы сылдырап аққан өзенді және жайбарақат жайылған қойлар мен жылқыларды тамаша көрсете білген.

Осындай өзінің балалық бай талантын көрсете білген Әлихан мадақтамамен марапатталды. Жарайсың, Әлихан! Талабыңа нұр жаусын! Өнерің өрге жүзсін!SAM_8864SAM_8863SAM_8846

SAM_8842SAM_8849SAM_8838