Жаз, күн сәулесі, ауа және су-шынығу үшін ең тамаша кезең!
22-07-2015 09:22
Ауа процедуралары-шынықтырудың ең жеңіл түрі. Таза ауа-шынығу негізі. Ол зат алмасуларын күшейтеді, көңіл-күйді және иммунитетті жоғарылатады, тамаққа деген тәбет пен ұйқыны жақсартады. Ауа ванналары су процедураларымен салыстырғанда бала ағзасына жеңіл ететін фактор болып табылады.