1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Біздің балабақшада бірнеше мерекелік шаралар өтті. Спорттық ойын-сауықтар, мерекелік ойын-сауықтар күлдірген кейіпкерімен бірге балалар тас жолдарда «Жайдарлы жаз!» тақырыпқа суреттерді салды. Күні бойы күлдерген балалардың көңіл күйлерін көтеріп, әр балаға тәтті сыйлық таратты.