"Рухани жаңғыру" бағдарлама бойынша іс-шара
"Рухани жаңғыру" бағдарлама бойынша біздің балабақшада даярлық тобында мерекелік іс-шара өткізілді. Қарт әжеміз өз "Сиқырлы сандықтан" балаларға ұлттық заттармен таныстырып өтті. Балаларға домбраның үнін тындатты. Торсық пен тастаған ұлттық ыдыстардың пайдасын түсіндірді. Балалар ұлттық ойынға да белсене қатысты. "Асық тарту", "Итеріспек" және "Қыз қуу" ойындарды ойнап өтті.
