Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95
Адрес: г.Павлодар, ул.Естая,97
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Балабақшамен мектептің сабақтастығы
14-02-2011 06:56
Балабақшамен мектептің сабақтастығы

№ 9 балабақшаның даярлық топтарының тәрбиешілері мен балалары және
 № 19,36  мектеп мұғалімдерімен балабақша мен мектеп сабақтастығының жұмыс жоспарына сәйкес іс – шара жоғары деңгейде өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне сауат  ашу және қарапайым математикалық ұғымдарын  қалыптастыру сабақтары өткізілді.
  Ұйымдастырылған  оқу  іс - әрекеті жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, балалар  өздерінің  алған  білімдерін, белсенділіктерін, пікірлерін айтып  ой тұжырымдарын білдірді.
   Дөңгелек үстел басында  сабақтастыққа байланысты  сұрақтар (интеллектуалдық, психологиялық, балалардың мектепке арнайы дайындалуы), мектептің талабы,  мектепте және балабақшада қолданатын сабақтардың өткізу үлгілері, әдістері, тәсілдері, түйінді мәселелер талқыланды. Осындай кездесулер әрдайым жүйелі түрде өткізілуі тиіс.