Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
62-46-84
Адрес: Камзин көшесі 356
57-73-87, 62-46-84
Құрметті білім саласы қызметкерлері, әріптестер, ұстаздар!
16-03-2011 06:48

Үлкен мейрам  Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің,  бақыттың мерекесі саналады. Олай болса барлықтарыңызға татулық, береке - бірлік тілейміз. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт - береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!