Семинар барысында балабақша директоры Н.Е. Жақсыбекова балабақшаның жұмыс барысымен таныстырды. Даярлық "А" топ тәрбиешісі А.Ж. Тасымова айналадағы әлеммен танысу "Менің өлкем", даярлық "Б" топ тәрбиешісі Д.С. Қойшыбаева көркем әдебиет "Ертегі еліне саяхат" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетіп, педагогикалық сыр-сандық бөлімінде тәрбиеші С.Е. Аскарова "Мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін модулдік оқыту технологиясы арқылы дамыту" тақырыбында баяндама оқып, қатысушыларға әртүрлі тапсырма беріп, белсенді тәжірибе, пікір алмасты. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған әртүрлі тақырыпта тірек-сызбалар жасалып, көрме ұйымдастырылды. Семинар барысында алған білімдерін семинарға қатысушылар өз жұмыс тәжірибесіне қолданады деп санаймыз.
Қалалық семинар!
