Жеңіс күні мерекесі қарсаңында № 16 сәбилер бақшасында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламада балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, әскери ән айтып, би билеп, мәнерлеп жеңіске байланысты тақпақтар айтып, қонақтарды тамсандырып, көңілдерінен шыға білді. Сонымен қатар ардагерлер құрметіне балабақшада дастархан жайылып, ескерткішке сыйлықтар берілді. Балалардың құрметіне еңген 92 жастағы ардагер қария Иманханов Свят өз ерлігі, ордендері мен медальдары туралы қысқаша әңгімелеп, өз батасын берді. Балалар қария әңгімесін мұқият, таңдана тыңдап, естеріңде ұзақ сақтайды деп есептейміз. Келген қонақтарда тілектерін айтып, ризашылығын білдіріп, баталарын берді. Бұл ұйымдастырылған шараның тәрбиелік-танымдық мәңі өте зор деп санаймыз.
