Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз! Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар!
Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!
