Телефон доверия
62-46-84
Адрес: Камзин көшесі 356
57-73-87, 62-46-84
"Тәуелсіздік төрінде!"
15-12-2016 10:07
15 желтоқсан күні сәбилер бақшасында ересек - даярлық топтары үшін «Тәуелсіздік төрінде!», «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» тақырыбында ойын-сауық өтті. Ересек, даярлық топтарының алдына қойылған мақсаты: бүлдіршіндерімізге ҚР туралы түсінік беру, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еліміздің елтаңбасы мен әнұранын, желбірей көтерілген көк туын таныстыру, сәбилердің танымын кеңейту болды. Үнтаспаға жазылып алынған ҚР әнұранын барлық бала орындарынан тік тұрып тыңдады. «Туған жерге нұр шашып, жарық берген, қуаныш пен мол бақыт алып келген, 16 желтоқсан шуақ болып, Тәуелсіздік еліме алып келген» - деп балалардан сүйінші сұрағандай. Осы бастан баланы Отаншылдыққа баулып, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оята білу, еліне қауіп төнгенде, өзгенің тырнағынан арашалап қалу қасиеттерін балабақша табалдырығынан бастаса, онда біздің болашағымызға сенім мол болар еді.