Ата-аналармен бірге отбасылық "Толағай" сайысы өтті. Және де тәрбиеленушілер "Ертегілер еліне", "Мектеп мұражайына" саяхат жасап, жақсы әсер алды. Хауыз жетекшісі "Шынықсақ шымыр боламыз" атты өткізген судағы жарыс, балалар естерінде қалады деп ойлаймыз. Әр іс-шараларға балалар белсене қатысып, көңілдерін көтере білді.
