Тәуелсіздік - тұғырың!
Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге тілейтіңіміз зор денсаулық, ашық аспан, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға құт-береке. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Тәуелсіздік күні - дедік бұл күнді,
Атын атап ақын оны жыр қылды.
Сол күнменен қатар туған сәбилер,
Кішілерге аға болып үлгерді.
Тәуелсіздік - таңнан түскен ақ сәуле,
Тәуелсіздік - бақыт сенде, бақ сенде.
Қарқындайды қариялар қашанда,
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде.
