Телефон доверия
630590
Адрес: Ткачева 15/1
630503 630590
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
"Ашық есік" күні
15-02-2018 15:08

        15 ақпан күні Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасында айлық жоспарына сәйкес даярлық тобынынң ата-аналарына арналған «Ашық есік» күні өтті. Сәбилер бақшасының басшысы Б.К.Темирбекова жұмыс жоспарымен таныстырды. Ата-аналарға балалардың мектепке дайындығын қатынас, коммуникация, таным, әлеумет салалары бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы көрсетілді.
        Сауат ашу ұйымдастырылған іс-әрекетінде балалар сөздерге лексикалық талдау жасап, дұрыс сөйлем құрып, мәтін бойынша жұмыс жасады және әр әріпке жаңылтпаштар айтты.
     Ағылшын тілі мен компьютерлік сауат ашу ұйымдастырылған іс-әрекетінде балалар мультимедиялық ойын-тапсырмалар арқылы ағылшын тілінде айтылған сөздерді бекітті.
      Сәбилер бақшасы балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін көп көңіл бөледі. Денешынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетінде балалар көңілді резинкаларымен жаттығу жасап, ойын ойнады.
      Сонымен қатар ата-аналар үшін ұйымдастырылған іс-әрекетінде пайдаланған жаңа технологиялармен тәжірибелік кеңес берілді. Ата-аналар белсене қатысып, өз лебіздерін білдірді. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғастыруда.