"Балбұлақ" - зияткерлік сайысынан ГРАН-ПРИ
Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 25 сәуір күні мектепке дейінгі ұйымдарының балалары арасында Павлодар облысының 80 жылдығына орай өткізілген қалалық «Балбұлақ – 2018» зияткерлік сайысының қорытынды кезеңінде Павлодар өңірі туралы күрделі «Ата», «Әңгімеле», «Бұл не?» тапсырмаларынан сүрінбей өтіп № 10 сәбилер бақшасының түлектері БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Аронов Ермек, Құлсамет Әмира, Құсайн Медина, Еркен Мүслім, Елубаева Адель, Ишмұрда Іңкәр команда мүшелерін құттықтаймыз!
Бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз.





