Түлектердің қоштасу кеші
Концерт залын лық толтырған түлектердің жанашыр ата-аналары, балабақша ұжымы оған куә болды. Балабақша есігін талдай болып ашқан балалар, өміріндегі ең бірінші салтанатты кешіне жиналып, таудай болып шықты. Күннен күнге есейіп, айналамен танысып, өздерін сол айналаның бөлшегі ретінде санаған күндер, талай ашулар артта қалды. Алдарында мектеп жолы күтуде.
Түлектер мәпелеп өсірген балабақша төріндегі ұжымға мың алғыс айтты. Тәрбиешілер қамығып, қоштасарда қимастықпен ән салды. Олардың жүректерінен шыққан тілектері мынандай: аттай шауып өтіп жатқан уақытқа еселеріңді жібермей, оқитынды оқып, көкірекке тоқындар!