Жазғы уақытта табиғатта балалардың еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру!
Балалардың еңбек іс-әрекеті үшін педагогикалық мақсатты жағдайлар жасалған, осы іс-әрекетті басқару әдістері мен тәсілдері ойластырылған.
Өсімдіктерді бақылаған кезде балалар өсімдіктер өсуі мен дамуының негізгі кезеңдерімен танысады, олардың құрылысы мен күтуі жөнінде білімдерін бекітеді.
Балаларды еңбекке баулу арқылы педагогтар мектеп жасына дейінгі балаларға табиғаттағы тәртіп ережелеріне, өсімдіктер мен жануарлар адамдар сияқты жылулықты, қамқорлықты, тамақты, суды қажет ететінін және олар барлығын сезетініне назарларын аударады.