Күн аяз болып тұр, сондықтан, ертеңгіліктерді өткізу үшін топтар бірігеді. Сондай біріккен мерекені ересек топтары өткізді. Бұл мерекенің қызықтығы жоспарлағаннан кем болмады. Қу Алдар байды тағы да алдады. Балалар ән шырқап, би билеп, ойын ойнап және өлендер оқып байдың көңілін, ол ренжіген сайын, көтеріп отырды. Ал соңында, Алдар байға өз қылықтарын мерекелік қалжын деп түсіндіріп, оның ренжімеуін өтінді. Сөйтіп біздің қонақтар татуласып дос болды.
Ал қазақ тілінің оқытушысы Қ.Ә. Байзақова педагогтар арасында мерекелік КВН ұйымдастырды. «Отан» және «Жұлдыздар» командалары еліміздің тарихын, мемлекеттік тілін білуде, патриоттық әндер мен өлең айтуда сайысты. Және де «Аңыз адам» сайысында командалар еліміздің белгілі тұлғасы туралы әңгімелеп берді. «Ерте, ерте, ертеде ...» деген, ең қызықты сайыста, командалар ертегіні қойды. Педагогтар белгілі ертегілерді жаңа интерпретацияда көрсетіп, сонымен біздің педагогтар ұжымы ең шығармашыл, білімге құштар, дарынды, ұйымшыл және олар ешқашан жеңіл жолдар іздемейтінін дәлелдеді.