"Аралар" мен "Қарлығаштар" топтарының Жаңа жыл мерекесі
«Аралар» және «Қарлығаштар» топтарының балалары да сенбі күні Аяз Атадан сыйлықтар алды.
Кішкентай «Аралар» Аяз Атаға өздері де көп сыйлықтар дайындапты: тақпақ айтып, ән шырқап, би биледі. Аяз Ата да құр қалмады. Балалармен бірге ойнап-күліп, таңертеңгілік сонында әр қайсысына бір-бір сыйлық беріп, келесі жылы көріскенше қош айтысты.
Ал «Қарлығаштар» тобының батырлары Жыланмен бірге қосылып Жаңа жыл мерекесін Мыстан кемпір мен оның досынан құтқарды. Ал мерекеге келген Аяз Атаның қапшығы тым кішкентай екен. Бірақ, Аяз Атаның ғажайып тоңазытқышы бар екен. Соның ішіне салып қапшығын үлкейткен соң, сыйлықтар бәр балаға жететін болды.