2013 жылғы 13 наурызда ата-аналар, балалар мен педагогтар "Анам, әкем және мен - спорттық отбасымыз" атты спорттық жарысты өткізу үшін жиналды. Осы іс-шараның мақсаты - балаларға дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға ұдайы қызығушылықтарын дағдыландыру. Бұл ең көңілді спорттық оқиға болды. Себебі, Светлана Владимировна - шебер ұйымдастырушының басшылығымен ата-аналар мен балалар отбасының ынтымақтастығын, қозғалыс дағдыларын көрсетті. Іс-шара көңілді, мейрімді және жылы жағдайда өтті. Жарыс эстафета түрінде өткізілді. Қатысушылар жүлделі орын алу үшін көп күш салды. Резеңке допта отырып секірді; секіргіштермен секіру; спорттық "балық аулау"; киім ауыстырумен әзіл-қалжын эстафетасы да болды. Конкурстар арасында жанкүйерлермен ойындар өткізілді. Конкурс нәтижелері бойынша І орын - ересек "А" тобына, ІІ орын - ересек "В" тобына, ІІІ орын - ересек "Б" тобына берілді. Командалар мадақтамалармен, медалдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Барлығы риза болды!
"Анам, әкем және мен - спорттық отбасымыз"