Мамырдың екі күні 29 және 31 даярлық топтардың балаларын, олардың ата-аналары мен тәрбиешілерін және де балабақшаның барлық қызметкерлерін де ерекше толқытты. Себебі, бұл күндері балабақша түлектерінің ертеңгіліктері өтті. Жоғары санатты музыка жетекшісі И.В. Куклинаның, даярлық топтар тәрбиешілерінің және де балабақшаның басқа да қызметкерлерімен дайындалған мерекелік шаралар бұл күндерді тек қана толқынды емес, сонымен қатар ерекше сезімге толы, әсем, мерекелі және көңілді қылды. Ата-аналар қойылымнан көп әсер алып, педагогтар мен балаларға арналған «Браво!» құптауын жиі естідік. Және де түлектерді құттықтауға пижамаларын киіп, қолдарына жастықтарын құшақтап келген бөбектер барлығын тамсандырды. Ата-аналар педагогтардың шығармашылық еңбектеріне және де балалардың тәрбиесіне, оқып дамуына, күтуіне ат салысқан барлық қызметкерлерге алғыс сөздерін айтты.
Түлектердің ертеңгілігі