Балабақша Олимпиадасының екіншші күні
Спорт алаңына бару балаларға оңай болған жоқ, өйткені оларды жол бойы кедергілер күтіп тұрды: көпірден өту, жыланша жүргізетін жол және т.б. Содан кейін тәрбиеші балаларға мереке мақсатын түсіндіріп, соған дайындық өткізуге шақырды – балалар жаттығу жасады, жұмбақтар шешті, «Доптарды себетке толтыру» ойынын ойнады.
Жүгіру сайысында ұлдар арасында ең бірінші болып келген – Дархан, екінші – Аңсар, үшіншісі – Эмир; қыздардың арасында: бірінші – Мадина, екінші – Айша, үшінші – Аяжан.
Мереке балаларға қатты ұнады, ал ең соңында Алтангүл апайлары балаларға рахметін айтып, сыйлықтарын таратты.