«Тату команда» бірінші сайысы – допты кім бірінші бір-біріне беріп шығады. Ең тату екі команда «Күлдіршіндер» мен «Білімқұмарлар» болды. Екінші сайыс – «»Турист соқпағы» - мұнда «Көбелектер» командасы өзін ерекше көрсетті. Жанкүйерлерге өткізілген сергіту сәтінен кейін «Епті және мерген» сайысы өткізілді. Осы сайыста балаларға жаттығу керек, себебі, ересек «Б» мен «В» топтарында бір балдан болса, ересек «А» тобы бір де бір бал ала алмады. Ал «Бөгетті» бірінші болып «Білімқұмарлар» тобы өтті. Содан кейін жүргізуші жанкүйерлермен ойын өткізіп, командалар сайысқа көшті. «Шарды басынан құлатпау» сайысында «Білімқұмарлар» тағы да өздерін көрсетті, және де қорытынды эстафета «Күлдіршіндер» жеңісімен аяқталды. Қорытындыда «Білімқұмарлар» командасы – ересек «Б» тобы жеңді, ал содан кейін «Күлдіршіндер» - ересек «В» тобының командасы, ал үшінші орында – «Қарлығаштар» командасы.
Жарыстардан кейін қатысушылар мен жанкүйерлер сайыс ұйымдастырушысы мен жүргізуші Н.Н. Клюшкина мен өздерінің тәрбиешілеріне жапа-тармағай қол шапалақтаумен алғыстарын білдірді.