Құрметті Достар! Сіздерді, Қазақстан Республикасының Ата Заңы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң – болашақ табыстар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі. Сондықтан, Заң бойынша өмір сүру және Заңды құрметтеу – әр азаматтың борышы. Ата Заңымыздың қабылдануы үшін бірауыздан дауыс беріп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Осылайша халқымыздың ғасырлар бойы асыл арманы жүзеге асып, егемен еліміздің Ата Заңы дүниеге келді. Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді. Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз!