Біздің 50 сәбилер бақшасында "Қарттарым аман саумысың!" атты "Қарттар" күніне байланысты мерекелік іс-шара өтті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Бүгінгі мерекелік шараға, осы балабақшада бірнеше жыл еңбек етіп, енді бейнетінің зейнетін көріп отырған қадірлі зейнеткерлеріміз қонаққа келіп, жақсы көңіл-күймен өздерінің ыстық лебіздерін білдірді.
"Қарттарым аман саумысың!