Ойын баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі демекші "Павлодар қаласының № 50 сәбилер бақшасында "Ойын арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту" тақырыбында мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне қалалық семинар-практикумы ұйымдастырылды. Семинарға білім бөлімінің әдіскері Қ.М.Рахымжанова қатысып, өзінің шебер-сағатын қызықты және мәнді өткізді. Сәлемдесу тренингін психолог А. Б. Асаинова өткізіп, визит картасымен балабақша басшысы Б.Ы.Естаева таныстырды. Тәрбиеші Ш.И.Жандельдина "Күлгін орманға саяхат" тақырыбында ашық көрсетілім өткізді. Сонымен қатар В.Воскобович ойындары туралы практикалық сәт көрсетті және №48 с/б тәрбиешісі А.а. Муканова "Инновациялық технологиялар" өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар қортындысын бақшаның әдіскері М.О. Камешева рефлексиялық сәтімен аяқтады.
Қалалық семинар!