Сенім телефоны
8(7182) 20-10-11
email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 15.00- 18.00 дейін.
Сүйіспеншілік - өмір негізі» атты ашық сабақтар.
12-02-2020 16:25
 Сүйіспеншілік - өмір негізі» атты ашық сабақтар.

Бүгін 2020ж 12 ақпанда №50 сәбилер бақшасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігін өткізу аясында мектепалды топтарында рухани-адамгершілік құндылықтарды тереңдету мақсатында «Сүйіспеншілік - өмір негізі» тақырыбы бойынша ашық сабақтар өткізілді. Мектеп жасына дейінгі балалар жақсылық, достық, махаббат туралы өлеңдер оқыды. Адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы көптеген қызықты нәрселер білді, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы әңгімелесті. Тәрбиеленушілер педагогтармен бірге әндер шырқады, шаттық шеңберін өткізді, «Жүректен жүрекке» т.б. Ашық сабақтың нәтижесі балаларға ұжымдық іс-әрекетке, өзін-өзі ұйымдастыруға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, балалар ұжымын біріктіруге, олардың эмоционалды тонусын көтеруге, балалардың жағымды өзін-өзі бағалауын дамытуға, сөздер мен іс-әрекеттерде мейірімділік танытуға, басқаларға мейірімді, сезімтал көзқарас тәрбиелеу болды.